Қоғам

Карантинде балаларға алаңқайда ойнауға рұқсат етіле ме? Бас санитар дәрігер жауап берді

5
(1)

5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін балалар аулада ойнай ала ма деген сұраққа Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова жауап берді 

Мәскеу түбіндегі қаланың ойын алаңында балалардың көзінше әйелді өлтіріп кетті

«Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береміз. Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаға кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», – деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сондай-ақ, ол карантиннің барлық шаралары вирустың адамнан адамға таралуының алдын алуға тізбекті үзуге бағытталып отырғандығын атап өтті.

Айта кетейік, бүгін Бас санитар дәрігер 14 күнге енгізілетінін жаңа карантин талаптарын мәлімдеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close