Қоғам

Павлодар облысында ресейлік цирк әртістері еліне қайта алмай жүр

5
(3)

Карантин режимі Новосібірлік цирк труппасының шығармашылық жоспарларына өзгерістер енгізді. Шектеу шаралары салдарынан әртістер үйлеріне орала алмай отыр, – деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі «Хабар 24» сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта Павлодар облысының тұрғындары Успен ауданында тұрып қалған цирк труппасы мен жануарларға көмек көрсетіп жатыр. Новосібірлік цирк қызметкерлері екі апта бойы арнайы көлікті күтіп отыр. Бірақ ұжымның оған төлейтін қаржысы жоқ.

Мамандардың айтуынша, көлікті жалдауға 50 мың рубль керек. Жергілікті тұрғындар қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, жануарлар үшін бірнеше вагон ұсынған. Сонымен қатар оларды құрғақ азық-түлікпен қамтып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарадан өтуге дайындық жұмыстары басталды.

«Жергілікті шаруа қожалығымен жануарларды орналастыру туралы алдын ала келісіп қойдық. Келесі аптада төрт аяқты әртістер үшін көлік қарастырып, Новосібірге жөнелтуді жоспарлап отырмыз. Әр жануардың құжаты бар. Шекарадан өтуде қиындық туындамайды. Цирк ұжымына тек қаржылық қолдау керек. Себебі директорлары уәдесін орындамай, труппаны тастап кеткен», – деді Успенка ауылының әкімі Сергей Саламатский.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close