Қоғам

Нью-Йоркағы қазақ полицей Тоқаевқа үндеу жасады

3.8
(4)

Нью-Йоркта тұратын қазақ полицей Димаш Ниязов өзінің Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жасады, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі Stan.kz сілтеме жасап.

«Жыл сайын көп жануар өлтіріледі және ешкім бұл үшін толық жауапкершілікке тартылмайды. Қазақстандағы бұл жануарлар біздің көмегімізге мұқтаж және қорғауымызды қажет етеді. Олардың құқықтар болуы қажет, өз кезегінде оларды қорлайтын және өлтіретіндер қатаң жазалануы тиіс», – дейді ол видео астындағы жазбада.

«Тоқаев мырза, менімен бірге учаскеге жүріңізші, көрсететін нәрсе бар. Қош келдіңіз. Бізде мұнда жануарларға арналған арнайы қапас, иттерге арналған азық-түлік, қамыттар бар. Біз оларды құтқарамыз, баспаналарға апарып, оларға қамқорлық жасаймыз.

Мұнда жануарларды қорлауға, қалдырып кетуге немесе оларға қауіп төндіруге тыйым салынады. Сонымен бірге, иттерді нашар ауа райында далада қалдыруға болмайды.

Ал неге Қазақстанда жануарлар қорғалмайды? Неге оларға көмектесу жұмыстары полициямен бірлесе жүргізілмейді? Неліктен жануарларды қорлайтындар жазаланбайды? Неге еріктілер мен волонтерлерге қаржылай көмек көрсетпеске?

Президент мырза, өткен жылы сіз жануарларды қорғау туралы, өзін мейірімді ұлт ретінде көрсету керектігі жайында айтқан едіңіз. Бірақ мен жануарларды құтқарумен айналысатын еріктілерді қолдауды көріп жүрген жоқпын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close