Қоғам

Енді қазақстандықтар жедел-жәрдем қызметіне ақша төлейді

2.8
(4)

Кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның жедел-жәрдем қызметі шақыртуларға үлгермей жатқанын, сондықтан, қосымша 3000 мобильді бригадалар құрылғанын айтқан. Олардың тарифі 2020 жылдың 1 шілдесінде бекітілгенмен, министр мобильді бригадалардың шақыру бағасын айтпаған еді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бүгін вице-министр Ажар Ғиният мобильді ақылы жедел-жәрдем бригадалары неше теңгеге шақырту қабылдайтынын және олар қандай қызмет көрсететінін айтты.

«Министр айтқандай, ауруханалар мен жедел жәрдем қызметтерінде мобильді бригадалар пайда болады. Бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Олардың қызметіндегі тариф құны да белгілі. Бағасы – 5 400 теңге. Бригадалар коронавирусқа күдігі бар немесе тұмау жұқтырғандарды қарап, олардан тест алу үшін барады. Бір шақырған адамға екінші рет бармайды. Тест бір рет алынады және оның нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі», – дейді Ажар Ғиният.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.8 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close