Қоғам

Қазақстандықтарға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 15000 теңгені қалай алуға болатыны айтылды

0
(0)

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Бейбіт Шаханов мұқтаж азаматтарға берілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша сұрақтарға жауап берді.

Сұрақ-жауап:

1. Коммуналдық қызметтер бойынша көмекке өтінімді қашан беруге болады?

Жауап: Әкімдіктер қазірдің өзінде өтінімдерді қабылдайды. Төлемдер коммуналдық қызметтер үшін шоттарды ұсыну қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.

2. Басқа адам комммқызметтерді төлеуге өтінім бере алады ма?

Жауап: Иә, жақын туыс немесе басқа уәкілетті тұлға. Бұл ретте растайтын құжаттар талап етілмейді.

3. Егер екі айдың төлемі 30 мың теңгеден аз болса, онда қалдығы қайтарылады ма?

Жауап: Жоқ, қалдық келесі айларға төлем шотына өтеді.

4. Сәуір айында үлгермегендер мамыр айында ала алады ма?

Жауап: Иә, төлем мамыр айында басталады, өйткені сәуір айының есебі мамыр айында қойылады. Сондықтан күте тұру керек.

5. Егер сіз жалдамалы пәтерде тұрсаңыз?

Жауап: Қазір әкімдіктерге мұқтаждар санаты тұратын шоттар бойынша төлемдер жіберуге мүмкіндік береміз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close