Қоғам

«Бессмертный полк» онлайн өтеді. Қалай қатысуға болады?

0
(0)

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін жалғасады. Сондықтан биыл Жеңіс күнін әркім үйінде атап өтеді.

Осыған байланысты Tengrinews.kz, Massaget.kz, Salem Social Media, Aitube.kz ұжымы және «Жұлдыз FM» радиостансасы бірлесіп «Бессмертный полк» акциясын онлайн режимінде өткізуді ұйғарды.

Ардагерлерді еске алып, құттықтағысы келетін кез келген адам өз батырының суреттерін және құттықтау роликтерін Aitu мобиль қосымшасындағы Victory арнасына, WhatsApp және Telegram-ға +77016047800 нөмірі бойынша немесе salem@ssmedia.kz электрон поштасына жібере алады. 

9 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де Tengrinews.kz және Massaget.kz сайттарында, сондай-ақ, Aitube.kz видеоплатформасында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтетін Мәңгілік алаудан тікелей трансляция басталады. Онда сіз жіберген құттықтаулар мен жеңімпаздардың портреті онлайн режимде бүкіл елге көрсетіледі.

Бұл акцияны Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония мен 100-ден астам танымал қазақстандық қолдады. Олардың ішінде Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген, Ренат Ғайсин, Мәдина Сәдуақасова, Диная және басқалары бар.

Тікелей эфир аясында танымал отандық әртістер соғыс жылдарындағы әндерді орындайды және бір мезгілде Алматы бойынша үрмелі оркестр жүріп, ардагерлерді ауласында тірі концертпен қуантады.

Айта кетейік, қазақстандық эстрада жұлдыздарының құттықтауы «Жұлдыз FM» және Tengri FM эфирінде орындалады.

Акция Алматы уақытымен 20.00-ге дейін жалғасады.

Барлығымыз батырларымызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайық!

Сілтеме

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close