Қоғам

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру мәселесін шешуге тырыспаңыз: азаматтарды әскерге шақыру басталды

0
(0)

Бүгін Қазақстанда Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс азаматтарды әскерге шақыру басталды.

Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

Биыл 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы азаматтар Отан алдындағы әскери борышын өтемек. Әскерге шақыру биыл шілде айында аяқталады.

Полковник Сәкен Жүсіповтің айтуынша, биыл коронавирустың таралу қаупін азайту үшін әскерге шақырылғандардан екі рет ПТР тест алынады. Яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде пункттерде ПТР тест тапсырады. Екпе  салынады. Азаматтарды хабардар ету үшін 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіледі.

Департамент басшысы Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар жауапқа тартылатынын айтты.

«Ақша беріп, жалған уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселесін шешуге тырыспаңыз. Халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруды кейінге қалдыруға болатын жағдайды пайдаланып қалатын алаяқтардың әрекетінен сақ болыңыз», – деді Сәкен Жүсіпов.

Оның айтуынша, «Қарулы Күштер – адалдық алаңы» жобалық офистерінен барлық мәліметті алуға болады. Әскери қызметке шақыру туралы білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button