Қоғам

Лайықты өмір – лайықты жалақы

Өңірлерде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат сапары жалғасып жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

Үміткер ең әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне барды. Студенттер және оқытушылармен кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді.

«Әрине, біз әрқашан жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады, яғни бұл аталған проблеманың негізі болып отыр. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрамақ. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни көргендеріңіздей айырмашылық 10 есе», деді кандидат.

Үміткер лайықты өмір лайықты жалақыдан басталатынын атап өтті.

Бұдан кейін Мейрам Қажыкен Қостанайдағы сайлауалды штаб жұмысымен танысты. Үгіт-насихат жұмыстары қазанның 21-інен басталған. Штаб мүшелеріне сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 15 ерікті көмектесуде. М.Қажыкен атқарылған жұмыс нәтижелеріне оң баға берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.