Қоғам

Қарақат Әбден Абай облысы тұрғындарымен кездесті

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Абай облысының жұртшылығымен кездесті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Еліміздің тарихи орталығына қадам басқан үміткер алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақынның рухына тағзым етті.

Кейін қарапайым халықтың жағдайымен жақынырақ танысу үшін Қарақат Әбден қоғамдық көліктермен қаланы аралады.

– Халықтың пiкiрі мен ұсыныстарын өз ауыздарынан есту үшін қалалық көліктермен Семейді аралап шықтым. Себебі қоғамдық көлікті жастар да, қариялар да пайдаланады. Зейнеткерлермен әңгімелесіп, әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқарту, қарияларға арналған жеңілдіктерді көбейтуге қатысты олардың ұсыныстарын талқыладық, – деп атап өтті Қ.Әбден.

Үміткердің бұл кездесуі сайлаушылардың оң бағасын алып, кеңінен қолдау тапты.

Сонымен қатар үміткер өзінің Семей өңіріндегі сайлауалды штабының өкілдерімен кездесу өткізді. Өңірлік штабта 15 адам жұмыс істейді. Штаб мүшелері үгіт-насихат науқаны белсенді жүріп жатқанын жеткізді.

Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Павлодар қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Алматы және Ақтөбе облысының сайлаушыларымен кездесу өткізетіні мәлім.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.