Қоғам

Өрттің алдын алу бойынша акция жүріп жатыр

Кейінгі жылдары әлем елдерінде өрт жиі тіркеліп, оның салдары жаһандық экологияға, флора мен фаунаға кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл туралы бірқатар халықаралық трибунада айтылды, одан бөлек экобелсенділер мен ТЖ мамандары дайындаған анықтама мен баяндамалар жетіп артылады.

Алысқа шаппай-ақ Қазақстанның өзін қарастырсақ, әр облыста жүзге жуық өрт тіркелген.

Осы ретте тілсіз жаудың алдын алу және онымен күресу жолдарын жетік білу аса маңызды. Көп жағдайда осы бағыт бойынша білім аздық етіп жатады.

Жыл басынан бері республиканың барлық аймағында Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бастамасымен біршама ақпараттық сарындағы іс-шара өтті. Министрліктердің хабарлауынша, мұндай бағыттағы акциялар жыл соңына дейін жалғасады және келесі жылы басқаша форматта түрленіп, халықты жаппай ақпараттандыру күшейе түседі.

Өрт тек далада болмайтыны анық. Жақында Қызылорда облысында тұрғын үй секторындағы өрт профилактикасы тақырыбында брифинг өткен еді. Онда ТЖМ инспекторлары адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша кешенді презентацияны таныстырды. Брифингте көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыға ерекше мән берілді, өйткені оның көмегімен апаттың алдын алуға болады. Бұл туралы халық тарапынан да сұрақ көп болды. Билік өкілдері құрылғылар санып арттыратынын айтып, келесі жылдағы жоспарды бөлісіп үлгерді.

Сонымен қатар, «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында барлық өңірде семинар өтті. Оған мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен арнайы мамандар қатысып, маңызды ақпарат таратты. Семинар онлайн форматты да қарастырды, оған қатысуға тілек білдірген адамдар да аз болмады. Олардың жиі қойған сұрақтары – газ құбырын жөндеу, у иіс және тұтанбаған темекі қалдықтары.  

Одан бөлек, өрттің алдын алу және одан қорғану бағытындағы іс-шаралар балабақшаларда, мектептерде, ЖОО-да, мемлекеттік мекемелерде, жеке компанияларда және шалғайдағы елді мекендерде де өтті. Семинарлардың арнайы нұсқаулығы ТЖМ арқылы бекітілген.

Апат айтып келмейтіні рас. Өрт алдында кез келген адам сауатты бола білгені маңызды. Бұл жөнінде ақпараттандыру жұмысы әлі де жалғасып, бар қауіп-қатердің жолы кесілуі керек.

Айдана Ақпарова

Фото: ortcom.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.