Қоғам

Ақпарат министрі ТикТокпен кездесті

Бүгінгі таңда TikTok тек жастар аудиториясы ғана емес, жалпы, интернет кеңістігіндегі ең ірі әлеуметтік платформалардың біріне айналып, бүгінде тикток-хаустар болып біріккен танымал отандық блогерлердің белсенділігі күн санап артуда – деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров өзінің фейсбук парақшасында.
Осы орайда, кеше Шығыс Еуропадағы мемлекеттік билік органдарымен байланыс және корпоративтік мәселелер жөніндегі директор Сергей Соколовпен кездесу өткіздік – деп жазды А.Умаров.
Оның жазуынша, Сергей Соколов ТikТоk платформасын бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қолданатынын, оның ішінде Қазақстанда ТikТоk-тың 7 млн-нан астам пайдаланушысы бар екенін атап өткен.
«Кездесуіміздің барысында біз Қазақстанда тарих, туризм, мәдениет, білім және ғылым, театрлар мен мұражайлар туралы мазмұнды контент қалыптастыратын жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыладық» – деп А.Умаров өз постын қорытындылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.