Қоғам

Елордада жалдау құны 5 мың теңгеден басталатын пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

0
(0)

Мұндай баға нарықта бұрын соңды болмаған. Алайда бағдарламаның игілігін 100 отбасы ғана көре алады. Арзан жалдамалы тұрғын үй арнайы санаттағы азаматтарға беріледі.

Ал мұндай санаттың саны – 11. Бас қалада пәтер жалдап тұруды екінің бірінің қалтасы көтермейді. Қатардағы қарапайым жұмысшының тапқан-таянғаны оның ақысын төлеймін дегенше түгесіледі. Енді осы айлығы шайлығынан ауыспай, әупірімдеп жан бағып жүрген әлеуметтен сүйінші сұрамақпыз.

Ертең, яғни 1 маусымда, Нұр-Сұлтан қаласында жалдау құны 5 мың теңге болатын тұрғын үйлерге өтінім қабылдау басталады. Алайда мұндай жалдамалы баспаналарға бәрі бірдей қол жеткізе алмайды. Ол үшін арнайы 11 санат бекітілген.

Атап айтсақ, соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқандар, 1 және 2-топ мүгедектері, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратындар, жасына жетіп, зейнеткер атанғандар, жетім балалар, қандастар, экологиялық апат салдарынан тұрғын үйінен айырылғандар, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары мен толық емес отбасылар өтінім бере алады. Егер осы айтылған тізімде болсаңыз, қажет құжаттарды 8 маусымға дейін жинап, qatysu.zhilfond.kz сайтына жолдауыңыз қажет. Үй саны шектеулі. Мамандардың айтуынша, 100 пәтер ғана үлестіріледі.

Ол кемі 5 жылға беріледі және өз атыңызға аудара алмаймыз. Сондай-ақ өтінімдерді іріктеу кезінде баспана кезегінде қанша жыл тұрғаныңыз ескеріледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button