Қоғам

Елбасы бетімнен сүйді, бақытты адаммын» – Маржан Арапбаева

2.9
(67)

Бұл туралы әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

«Павлодар қаласында үлкен форум болды. Соңында финалный әнді орындаймыз ғой. Сол кезде Елбасы сахнаға көтерілгенде басқаның емес, менің микрофонымды алып, қолымнан ұстап бетімнен сүйіп, «Рақмет» дейді. Сонда менің жүрегім дүрсілдеп кеткенін көрсеңіз… Әлі күнге дейін Whatsapp-та аватарда екеуміз бірге тұрған сурет тұр. Маған келіп арнайы алғыс білдірмесе де, дәл менің микрофонымды алып «рақмет» деуі үлкен мәртебе болды. Ол кісі – патша. Патшаның бір ымдағанын көріп, алғысын есту барлығына бұйыра бермейді. Сол себепті мен өте бақытты адаммын», – деп естелігімен бөлісті әнші.

Маржан Арапбаева Тұңғыш Президентке тілегін де білдірді.

«Мен ол кісіге саулық тілеймін. Елімізді бүкіл әлемге танытқан, халыққа жағдай жасаған адам. Нұр-Сұлтан қаласының өзі аз-ақ жылда гүлденді. Әлем танитындай мемлекетпіз», – дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.9 / 5. Бағалар саны: 67

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button