Қоғам

«Маған бірнәрсе болып қалса, балаларға қара» – Маржан Арапбаева күйеуінің қатты ауырғанын айтты

0
(0)

Белгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаеваның күйеуі де өткен жылы коронавирус жұқтырып, өкпесі қабынып, қатты ауырған. Бұл туралы әнші Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

«Былтыр күйеуімнің туған күнінде екеуміз бірге коронавируспен ауырып жаттық. Мен жеңіл формада, ал жұбайым қаттырақ ауырды. «Ой қиын болып жатыр. Маған бірнәрсе болып кетсе балаларға қара» деген әңгімелер айта бастады. Мен «адамды қорқытпашы» дедім. Ал оған өте қиын болды. Өкпесінің 28, әлде 30%-ына зақым келген. Кәдімгідей ауырды. Мен қасында қолдау көрсетіп жаттым. Менде иіс сезбеу, әлсіреу секілді бүкіл белгілері болды. Бірақ мен оптимистпін, өзіме қиын аурур ретінде қабылдамадым», – деді Маржан Арапбаева.

Дегенмен сол уақытта ауруханаға көптеген науқастар түсіп жатқанын көріп, қорықққанын жасырмайды ол.

«Сол уақытта палаталарға адамдар келіп жатты. Әсіресе, үлкен кісілер. Барлығы ИВЛ-аппаратпен жатқандар. Өз күшімен демала алмағандар. Сол кезеңде көптеген белгілі тұлғаларымыздан айырылып жаттық. Одан бөлек танымайтын басқа адамдар, жастар да өмірден өтіп жатты. Сол кезде кәдімгідей ойланып, қорқа бастадық», – деп айтты әнші.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button