Қоғам

Министр жеке тұрғын үй иелері жауапқа тартылмайтынын айтты

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған тұрғын үй иелері жауапқа тартылмайтынын, оларға тек ұсыныстар берілетінін айтты, деп хабарлады Newsroom.kz тілшісі.

Жетісу облысының тұрғындарымен кездескен ведомство басшысы 1 қазанда жылыту маусымы басталғанын, сондықтан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, оған дайындық тамызда алдын-ала жүргізіледі. Кейін атаулы көмек көрсету үшін халықтың әлеуметтік осал топтар санатына жататын адамдардың саны анықталады. Олар – көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер.

Жылыту маусымы біткенше тұрғын үй секторында пештерді, электр жабдықтарды, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, профилактикалық рейдтер жүргізіледі.

«Біз жеке тұрғын үй секторының иелерін жауапқа тартпаймыз, тек өзімізді және отбасымызды өрттен және көміртегі тотығымен улану оқиғаларынан қалай қорғауға болатыны туралы ұсыныстар береміз. 2022 жылғы 15 тамыздан бастап 3 мыңнан аса рейд жүргізілді, 5 мың үйде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны анықталды (пештің жанында жанғыш материалдарды сақтау, оның үстінде заттарды кептіру және тағы басқа). Оның ішінде 3 мың үйде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзуға жол берілген жоқ, ал үй иелеріне ұсыныстар берілді. Барлығы 50 мыңнан аса үй иесіне түсіндіру жұмысы жүргізілді», – деді Юрий Ильин.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі биыл қыркүйектен бастап әкімдікпен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, 809 датчик орнатылғанын жеткізді.

Юрий Ильин датчиктер қайғылы оқиғаның болуына жол бермейтінін, қауіп туралы алдын ала хабар беретінін атап өтті.

Фото: kapital.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.