Қоғам

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе жұртымен кездесті

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысында тұрғындармен кездесті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Әуесбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Алға ауданы Бестамақ ауылынан бастады. Ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Тұрғындар үміткерге Ақтөбе-Атырау тас жолына байланысты сауалдарын қойды. Бүгінде екі жолақты жол төрт жолаққа кеңейтіліп жатыр әрі жол елдімекенді екіге бөлген.

Сонымен қатар, жолда көлік қозғалысы жоғары, жеңіл және жүк көліктері жүреді. Жергілікті тұрғындар үшін өз қиындығы бар. Біріншіден, жол бойында орналасқан үйде күндіз-түні көлік дыбысы естіледі. Екіншіден, тұрғындар үнемі жолды кесіп өтуге мәжбүр, ал бұл – өте қауіпті. Демек, айналма жол салу өзекті мәселе.

Кездесуден кейін Нұрлан Әуесбаев аты аңызға айналған батыр, қолбасшы Есет батырдың кесенесіне барды. Қазақ халқына амандық пен бақ-береке тілеп, құран бағыштады.

Еске салсақ, ҚР Президенті сайлауына кандидат Нұрлан Әуесбаевқа қолдау көрсететін штаб ашылды. Штабта баспасөз қызметі, жоба үйлестірушілері, SMM және басқа да мамандар жұмыс істейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.