Қоғам

Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін кешірім сұраймын – Азамат Маркленов

«Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов концерттегі әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

«Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын», – деді Азамат Маркленов.

Сонымен қатар әнші Shiza – Асхат Жолшиев үшін де кешірім сұрады.

«Shiza туды біреуге бергісі келгені, біреуге естелік болып қалсын деген оймен істеген еді. Ішімдіктің кесірінен деп ойлаймын, мойындаймын оны. Кешіріңіздер», – деді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.2 / 5. Бағалар саны: 26

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.