Қоғам

Талдықорғандық оқушы қыз мұғалімімен жұлқыласты

оқушы қыз

Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының жанжалдасқан видеосы тарап жатыр деп хабарлады newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай №6 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі мен 8-сынып оқушысы арасында болған. Видеодан қыздың мұғалімін балағаттап жатқанын көруге болады. Кейін мұғалім мен оқушы бір-бірін жұлқылап, одан сайын айқайласа бастайды. Оған не түрткі болғаны белгісіз.

Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

«Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы да шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласты. Бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған», – деді ведомство өкілі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.