Қоғам

«Қазақтың ұлдарына жаным ашиды» – журналист

ұлдар

Журналист Ақбота Әбілтай Facebookтегі парақшасына қазақ жігіттерінің әулеттегі өз орны жоқтығына қынжылыс білдірді newsroom.kz порталы.

«Осы уақытқа дейін бақылап жүріп байқағаным, қазақтың көп жігітінде, әсіресе жас кезінде әке-шешеме, отбасыма, әулетіме өзімді дәлелдеймін, мойындатамын, сыйлатамын деген ұмтылыс сұмдық болады екен. Бірақ оны өздері айта алмайды. Сол ұмтылыспен өздері аяққа тұрмай жатып, бар тапқан-таянғанын үйіне жіберіп жатады. Жақсы ғой, ер-азамат ата-анасын, бауырларын, ағайынын ойлап, мәселесін шешіп, қорған болып жүргені. Риза боласың, іштей сый-құрметің артады. Және қиындықты еңсеріп, жетістікке жеткен сайын олар да шыңдалады. Бірақ мәселенің екінші жағы кейде өкінішті көрініске әкеледі екен. Сол ұлдарының ұмтылысын, ниетін, жақсылығын сол отбасы мен әулеті қаншалықты бағалап жатыр? Ерім деген ел болмағаны қандай қиын болса, ұлым деп көтермелейтін әулет болмағаны да сондай ауыр негізі. Жарайды, қазір әулет системасы іріп-шіріп кетті ғой. Келмеске кетті», – дейді әріптесіміз.

Оның айтуынша, әлгі «әулетім» деп әуреленген ұлдардың ата-анасы, бауырларының бәрі бірдей алдынан алқап, бір жағына шығысып жатқан жоқ.

«Токсичный талай отбасы бар, токсичный талай ата-ана бар. Талай азаматтың үйіне жіберіп жатқан табысы құмға сіңген судай боп жатыр. Кейде сондайды көргенде сол азаматтарға шын жаным ашып кетеді. Ең жаманы – олар сол отбасы мен әулетінің үдесінен шығамын деп жүргенде отызға дейін, тіпті қырыққа дейінгі ғұмырын өткізіп алатын сияқты… Өз қалауы, ішкі тілегі, арман-мақсаты жолда қалып, жан-жүрегі жараланып қалатын сияқты. Өмірі де ақсайды», – деген ой тұжырымдаған Ақбота Әбілтай.

Осы орайда ол жақында әйел затының тағдырына қатысты пост жазғанын еске салып өтті. Сол жазбасынан кейін оған жұрт феминизмге бейілсің дегендей сын айтқан.

«Феминизмде жұмысым жоқ, діннен де, дәстүрден де алыс емеспін. Кейде көріп тұрған нәрсені қалжың аралас жазатыным болмаса, осы уақытқа дейін ерлерді жерден алып, жерге салатын пост жазбаппын. Ерлерге ешқандай ренішім де жоқ. Жалпы өзіме қатысы жоқ тақырыпқа жолағым келмейді. Тек эзотерика тақырыбын және арасында өзімнің өмірлік ойларымды жазамын. Жоғарыда жазғаным да сондай бір ойым. Менің позициям – ер де, әйел де өз міндетін атқарып, бейбітшілікте бақытты ғұмыр кешсе деймін», – деп отыр.

Осылайша, журналист ойын «Ең бастысы, адам ретінде табиғат пен тағдырды қабылдасақ екен. Жәндік екеш жәндіктің тіршілік ету құқығы барда, ер мен әйелдің тағдырына төрелік ететін біз емес қой» деп түйіндеген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.