Қоғам

Жеке куәлікке қандай жағдайда айыппұл салынады?

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарға құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталғанын күтпей-ақ, жеке куәлікті ертерек ауыстыруға кеңес береді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, ХҚО-ға құжаттарының мерзімі өтіп кеткен клиенттер жиі жүгінеді.

Ал Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз бір айдан астам жүруі 7 АЕК мөлшерінде айыппұлдың салынуына әкеп соғады.

«Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет. Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады», – деп нақтылап өтті Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ спикер жеке куәлік қазақстандықтарға 16 жастан бастап берілетінін атап өтті.

Алғашқы құжатты алу үшін жасөспірім ата-анасының бірімен ХҚО-ға жүгінуі керек.

Өтініш беру үшін туу туралы куәлік, төлқұжат (бар болса) және мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек тапсыру қажет.

Туу туралы куәлікте тегін немесе атын өзгерткен, некеге тұруға/бұзуға байланысты тегін өзгерткендер де бір ай ішінде құжатын жаңартуы тиіс.

Айта кетейік, жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу қызметін ХҚО-да отыратын көші-қон полициясының қызметкерлері ұсынады.

Айта кетейік, паспорт мерзімі өткен жағдайда айыппұл қарастырылмаған. Ол шетелге шы ғу үшін пайдаланылатын құжат.

Төлқұжат алу үшін кез келген ХҚО-ға жүгінуге болады. Мемлекеттік баж мөлшері – 8 АЕК. 2021 жылы ХҚО-ларда жеке басты куәландыратын 2,4 млн құжат берілді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.