Қоғам

Оқытушыларды ше? Мұғалімдерге “ханым” және “мырза” деп сөйлеу ұсынылды

3.4
(12)

Білім және ғылым министрлігінде өткен аппараттық жиын кезінде Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының президенті Ғани Бейсембаев мұғалімдерді “ханым” немесе “мырза” деп айтуды ұсынды деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оның сөзінше, әріптестер арасында педагогтар әйелдерге “ханым” және ерлерге “мырза” сөзін қолдануы керек немесе тиісті әріптесінің аты мен әкесінің есімін атап сөйлеуі қажет.

Мысалы, басқа мұғалімдер мен ата-аналар ұстаздарға Айгүл Қапарқызы, Айгүл ханым, Самат Болатұлы, Самат мырза деп айтуы керек.  Ал оқушылар Айгүл Қапарқызы, ұстаз немесе педагог деп атауы тиіс. “Қашықтан оқу кезінде ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы коммуникацияда жаңа әдіс қажет екені байқалды. Біз жаңа жүйені енгізу керек деп санаймыз. Сондай-ақ ата-аналар білім беру тек мектептің емес, ата-ананың да жауапкершілігі екенін түсінулері керек”, – дейді Ұлттық академия басшысы.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар мұғалімдерді есімі және әкесінің атымен атайды. “Педагог” немесе “ұстаз” сөзін қолданатын мектептер де бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ротациялауға қатысты пікір білдірген болатын. “Бәрі бірден жұмыстан шығарылмайды. Білім саласындағы шешім пайдалы және зиянды жағы сараланып қабылдануға тиіс. Шыны керек, мектеп директоры болуға ниетті жандар көп, оған ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Ал біліктілігі жеткілікті мамандар арасында мұндай кезек жоқ. Бәрін жұмыстан шығарып тастап, жаңа басшы тағайындай салайық дегеннен аулақпын. Мен мұндайды қолдамаймын”, – дейді министр

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button