Қоғам

Алматыда судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

3
(2)

Алматыда Медеу ауданының судьясы мүдделі тұлғалардың көмегімен сот шешімдерін олардың пайдасына қарай шығарды деген күдікке ілінді.

Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ҰҚК қалалық департаменті аталған судьяға қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде департамент ҚР ҚК 190 бабы, 4-бөлімі, екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Ведомствоның хабарлауынша, бас прокурор күдікке ілінген судьяға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруға өз келісімін берген»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Күдіктінің үйінде жүргізілген тәнту жұмыстары кезінде одан үлкен көлемдегі ақша тәркіленді. Қалалық соттың баспасөз қызметі қалған ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайтынын ескертті.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button