Қоғам

Түркиядағы қираған ғимараттардың сапасы бойынша 612 адамға тергеу басталды

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың сапасы бойынша 612 адамға қатысты тергеу басталды, – деп Newsroom.kz хабарлайды Massaget.kz дереккөздеріне сілтеме жасап.

Әділет министрі Бекир Боздаг 612 күдіктінің 184-і сотқа дейін қамауда отырғанын айтты. Олардың арасында құрылыс мердігерлері, иелері немесе ғимарат менеджерлері бар.

Сарапшылардың айтуынша, қирап қалған көп үйдің құрылысына сапасыз материалдар қолданылған және көбі мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді.

Түркия телеарналары елдегі жер сілкінісі мен ғимараттардың қирау қаупі әлі де бар екенін хабарлады. AFAD апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету агенттігінің мәліметі бойынша, 6 ақпаннан бері елде 9 470 дүмпу болды.

«Бұл ұзақ уақытқа созылады. Біз бұл дүмпулер кем дегенде екі жылға созылады деп болжап отырмыз», – деді Afad Бас директоры Орхан Татар.

Бұған дейін Түркияда құқық қорғау органдары ғимараттардың жаппай құлауы бойынша Газиантептегі Нұрдағы ауданының мэрі Оккеш Кавакты ұстады.

Фото: DW.com

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.