Қоғам

Өңірлерде байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр

Елімізде сайлау үдерісін байқаушылар жасарып келеді. Бұл туралы елордада өткен брифингте Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Партиялық емес байқау орталығының төрағасы республика бойынша байқаушылар қатары толысқан, түрлі мамандық иелері екендігін айтады.

– Республика бойынша байқаушылардың орташа жасы 40-45 құрайды. Яғни, республика бойынша байқаушылар толысқан, түрлі мамандық иелері десек болады. Ал жастар жылдан-жылға, сайлау өткен сайын азаматтық ұстанымдарын белсенді білдіре бастады. Өйткені, әлемде, елімізде не орын алып жатқанын, өзгерістерді көріп отыр. Олар белсенді азамат болғылары келеді, – деді ол.

Партиялық емес байқау орталығы 20 қарашада өтен Президент сайлауында барлық сайлау учаскесіне байқаушыларын жібермек.

– Өңірлерде республикалық деңгейде ахуал штабтарын құрдық. Ол жерде барлық байқаушылар пулын оқыту іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 80-нен астам онлайн және офлайн форматта оқыту жүргізілді, – деді Партиялық емес байқау орталығының төрағасы.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.