Қоғам

Мектептерде қоңырау орнына күй қою ұсынылды. Келісесіз бе?

Сабақтың басталуы «төкпе» күй арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күй арқылы болмақ.

Сабақтың басталуы «төкпе» күй арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күй арқылы болмақ.

27 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі өтті. Аппараттық кеңес аясында 2021-2022 оқу жылында  орта білім беру ұйымдарына арналған әдістемелік-нұсқау хаттың таныстырылымын Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының президенті Ғани Бейсембаев жасады деп жазады newsroom.kz порталы.

Ғ.Бейсембаев өз сөзінде академияның домбырамен орындалған күйлерді музыкалық ендірме ретінде мектептерде пайдалану туралы ұсынысын жеткізді: сабақтың басталуы «төкпе» күйі арқылы, сабақтың аяқталуы – «шертпе» күйі арқылы болмақ.

Академия президенті бұл әдіс оқушылардың психикасына, көңіл-күйі мен әл-ауқатына жағымды әсер ететіндігін психологтар зерттеулеріне сілтеме жасап атап өтті. Мұндай жаңалықтар биылғы Күйші Динаның 160 жылдығы аясында айрықша мәнге ие.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 47

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.