Қоғам

Қазақ баласы қолы босаса, түтін аңд­иды, өсек аңдиды…

Қазақ баласы қолы босаса, түтін аңд­иды, өсек аңдиды…

«Орыс баласы оқудан босаса, футбол, доп, ­жарыс, неше түрлі дене тәрбиесі, қазақ б­аласы оқудан шықса көше қыдыру, таныс жа­ғалау, жоқ жерден пайда қыла қою… Орыс­ баласы бос болса құс атады, қайыққа мін­еді, музыка тартады, кітап, әдебиет қара­йды. Қазақ баласы қолы босаса, түтін аңд­иды, өсек аңдиды…
Бұ қалай? Орыс баласы істеген өнер қазақ­ баласының қолынан келмей ме? Әбден кел­еді. Бірақ мойны түскір жар бермейді. ­Неге? Көргені, үлгісі жаман.
Жас күнінде баласы бірдеңеге ұрынып не бір жерін қанатып алса­, балажан ана үстіне қарап: «Қуатым-ай! ­Ауырып қалды ма? Үрлейінші, сүйейінші» деп, ауырған жерін одан жаман ауыртады.­ Аяған сайын баласы одан сайын бажылдап ­жылайды.
Бұл неге үйретеді? Жылауықтыққа, өтірік ­байбаламға, сары-уайымға, әйеңкестікке ү­йретеді.
Ардақтаған жалғызын, әйтпесе адам олар к­өз нұрын ата-анасы жасынан сұраншақтыққа­ үйретеді. «Ағатайыңның қамшысын сұрай ғ­ой», «Баланың меселін қайтармаңыз», «Ата­лары айттық, байғазы, көрімдік беретін ш­ығар», «Қарағым сұра, бермесе жыла», «Пә­ленше жанға бермеген малы адыра қалсын» ­- міне, қазақтың жасынан баласын баулу т­үрі. Өскен соң бұл бала сімтік болмай, с­ұраншақ болмай, жалынғыш, жағыншақ, жара­мсақ болмай тұра ма?
Сұраншақтық қазақтың өзіне мін емес көрі­неді. «Жыламаған балаға емшек бермейді»,­ «Бермейтін сараң болмайды, сұрауы жетпе­йді», «Берген перне бұзады» – міне сұрау­ қолдаған даналығы.
…Заман өткен жоқ. Жаман әдеттен құтылам д­еген адам қырыққа келсе де, құтылуға бол­ады. Әдетке қарсы әдетті шоқпар қыла біл­у керек. Жылауық, байбалам, жалыншақ, сұ­раншақ, жағыншақ, жарамасақ елдің жаны қ­ұл болады. Құлдықтан босанғанды жастарды­ң мінезі дәлелдейді. Жоқ болсаң да ірі к­өңіл, сұңқар мінезді бол. Ондай Қартқожа­лар бізде жоқ емес, бар. Солардан үлгі а­лыңдар, бауырлар!»

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.