Қоғам

Республика кұнінің жаңа мәртебесі жастарға жігер берді

Жастар арасында «Республика» деген не, қандай мағына береді деген сарында сұрақтар туындап, бұл мерекенің маңыздылығына қызығушылық танытқандар бар.

«Республика» сөзі латын тілінен аударсақ, Respublіka – «халық игілігі», «ортақ іс» деген мағына береді. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізгілік, яғни Отанға деген сүйіспеншілік.

Екінші, республика деген егемен елдің атрибутикасы. Ол Әнұран, біздің Туымыз және Елтаңбамыз. Біздің көк Туымыз біздің мақтанышымыз, әлемдегі спорттық, басқа да додаларда жүлделі орын алған кезде біздің Туымыз және Әнұранымыз шырқалып, бойымызға қуаныш пен мақтаныш сезімі ұялайды.

Мәселен, көп этнос мекен ететін Франция немесе АҚШ-та мемлекет құраушы елдің егемендігін және елді біріктіретін символдарды өте қатты құрметейді.

Республика күнімен құттықтай отырып, Түркістан жастарын елді сүюге, құрметтеуге және Отанымыздың өсіп-өркендеуіне аянбай қызмет ете беруге шақырамын!

Ерасыл ТӨЛЕБАЕВ,

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.