Қоғам

«Олай деме, әйтпесе соғыс болады»: ресейшіл әйел қазақ жігітке сес көрсетті (ВИДЕО)

соғыс

Әлеуметтік желіде Путинді қолдаған келіншектің қазақты соғыспен қорқытқан видеосы тарап, қызу талқыға түсті деп хабарлады newsroom.kz Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Дүкенде орыс әйел қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан. Соның салдарынан тұтынушы мен екі арада кикілжің туындаған көрінеді.

«Яғни, онда сіз біздің ұлтты қозғадыңыз. Олай айтудың керегі жоқ. Әйтпесе соғыс болады. Бізге соғыс қажет емес қой, иә?» – дейді орыс әйел «Біз арыз жазамыз, сіз бізді ұлтшыл дедіңіз» деген тұтынушыға.

Одан әрі видеоға түсіріп тұрған жігіт пен оның әңгімесі былайша өрбіген:

«- Қандай соғыс, Украинадағыдай ма?

– Иә.

– Украина жеңіп жатыр бірақ.

– Жоқ, біз жеңеміз. Біз көппіз ғой».

«Қай тілде сөйлесеңіз де, ол сіздің қалауыңыз. Бірақ, жұмысыңыз адамдарға қызмет көрсетумен байланысты болса, біз сіздердің қазақ тілін білгендеріңізді талап етеміз», – деді қазақ жігіт. «Мені қазақ тілінде сөйлетіп көр алдымен…» – деп қасарысты оған ресейшіл әйел.

«ҰҚК қызметінің назарына алатын адам екен», «Нағыз арандатушы, кешірім жоқ бұларға», «Мынаның сөзі осындай болса, ішінде, миында не жатқанын ойлаудың өзі қорқынышты», «Тек боқтап қана сөйлейді екен, не тәрбие?» деп жазды видеоны көрген көпшілік.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.