Қоғам

Алматы әуежайына Қонаевтың атын беруді қолдаушылар көбейді (ВИДЕО)

Қонаев

Қазір алматылықтар Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру туралы онлайн-петицияға қол жинап жатыр деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Петицияда мегаполис тұрғындары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Парламенттің қос палата депутаттарына үн қатқан.

«Қазақ жерінің біртуар тұлғасы туралы алыс-жақын шетелден келгендер көбірек білсе екен дейміз!» – дейді олар.

Петицияға алғашқы күннің өзінде-ақ бірнеше мың қол жиналған.

Бұл ретте елордадағы халықаралық әуежайға қаланың негізін өзі қалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілгенін ескерсек, «Қонаевтың қаласы» атанған Алматының әуежайына да ол кісінің есімін беру кезек күттірмейтін шешім болса керек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.