Қоғам

Түркістан: қоғамдық кеңесте заңбұзушылық әрекеттер талқыланды

0
(0)

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің бірлескен отырысы өтті.

Оған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы Уалихан Рахиев және кеңес мүшелері қатысты.

Жиынды партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселеге байланысты Шардара ауданы әкімдігі тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары туралы аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Қайрат Жолдыбайдың баяндамасы тыңдалды. Аудан әкімдігінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруға және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға 27 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыған орай баяндама жасаған аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Қ.Жолдыбай: «2018 жылы – 14, 2019 жылы – 13, 2020 жылы – 12 семинар мемлекеттік қызметкерлерді қатыстыра отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі бағыттағы семинарлар өткізілді. 2018 жылы «Адал жол» марафонында «ең үздік аудан» номинациясын жеңіп алдық. 2018 жылы аудандық газет беттерінде – 202 мақала, ауылдық окургтерде – 10 билборд; 2019 жылы – 143 мақала, 11 билборд; 2020 жылы – 124 мақала, 12 билборд және тұрғын үйге адалдық алаңы мураларының салынуын ұйымдастырдық.Сонымен қатар 2018-2020 жылдары ауданда 2 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық орын алып, Шардара аудандық сотының шешімімен екеуі де сотты болған» – деді.

Жалпы жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылғанымен, сараптама қорытындысында бірқатар қала, ауыл әкімдіктері мен дербес бөлімдер тарапынан жоспар тармақтарының орындалуы бойынша кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүрізу, газет беттерінде мақалалар жариялау, атқарылып жатқан жұмыстар есебінің берілмеу, т.б. Аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Қ.Жолдыбай зерделеу және сараптама жұмыстарын жүргізіп, жауапты лауазымды тұлғаларға тиісті шара көруді тапсырған.

Екінші мәселеде Түркістан облыс Адами әлеуетті дамыту басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Басқармада 2018 жылы-14, 2019 жылы-13, 2020 жылы-12 құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар-кеңестер өткізілген. Smart.nation бос жұмыс орындары порталы Enbek.kz порталымен интеграцияланған. Жоба коррупциялық тәуекелді 50%-дан 2%-ға төмендетіпті. Дегенмен білім саласында біршама заңбұзушылық әрекеттер анықталып, 2018-2021 жылдары 84 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 2021 жылдың 10 айында тіркелген 12 қылмыстық іс 1-еуі сотқа жолданып, 4-еуі өндіріспен қысқартылып, 7-еуі тергелу барысында.

Қазіргі таңда партияның облыстық филиалына Түркістан облысы бойынша жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына нормативтік қаржыландыру мәселесі туралы мәліметтер келіп түсуде. Әсіресе Кентау, Саырағаш және Сауран аудандарында қаржыландыруда қиындықтар бар.

Партияның облыстық филиалының төрағасы Б.Тәжібаев мәселенің өзектілігін атап өтіп: «2020 жылы партияның облыстық филиалы мен «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен аталған үш ауданның мәселесі шешілген болатын. Дегенмен қаржыландыру мәселесі қайта туындауда. Былтырғыдай аудан әкімдіктерінің құзырында болмағандықтан, білім басқармасы бұл мәселені жыл соңына дейін шешуді ұйымдастыруы керек» – деді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты міндеттер жүктелетін тиісті қаулы қабыланды.

“Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button