Қоғам

Дастан Оразбеков: белгісіз жаннан балам жоқ! 

4
(2)

Атақты әнші, актер Дастан Оразбеков «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында отбасына қатысты ешкім білмейтін сырларымен бөлісті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Анасын жастықпен көп ренжіткен кездерін есіне алып, әкесінен ерте айырылғандығын айтты. Ақтық сапар алдындағы әкесінің соңғы өтінішін орындамағаны үшін әлі күнге өкінетін әнші көзіне жас алды.

«Әкем қатты ауырып қалды. Мен қасында болдым. Сол соңғы күндерінің куәсі болу өте ауыр. Денсаулығы күн санап құлдырай берген күндердің бірінде әкем: «Бір темекі берші», – деді. Мен оны жоғалтып алудан қатты қорқатынмын. Сондықтан «жоқ» деп, бермей қойдым. Сол күні оның соңғы таңы атқан екен. Жүріп кете барды. Бере салуым керек еді сол темекіні»,-деген әнші әкесінің өлімінен кейін отбасы материалдық тұрғыда көп қиыншылық көргенін жасырмады. Анасының базарда сауда жасап балаларын асырауға мәжбүр болған жылдарын есіне түсірді. Өзі де қарап қалмай анасының жанында базарда арба сүйреп, ақша тауып, қарындастарын мектепке дайындаған екен. 

«Бір жылдары біздің отбасымыз үшін өте қиын кезеңдер болып, әпкем екеуміз 1-ші қыркүйекке мектепке бара алмадық. Өйткені киетін киіміміз, мектепке қажет қалам-дәптеріміз болмады. Сол сәтке қатты намыстанған Дастан ағам бір жыл бойы базарда арба сүйреп, ақша тауып, бізді келесі оқу жылына тап-тұйнақтай етіп дайындаған», – деді қарындасы Меруерт Оразбекова. «Ең алғашқы» бағдарламасына келгенде бұған дейін жасамаған бір қадамды алғаш рет жасауға уәде берген әнші 90 метр биіктіктен секіріп, көпшілікті таңғалдырды. 

Өнер адамы болып, елдің назарында жүргендіктен, әрине, жанкүйерлеріміз көп болды. «Орда» тобының дүркіреп тұрған жылдарында маған бейтаныс арулардан өте көп хаттар мен ұсыныстар келетін. «Өзіңізден ұлды болғым келеді», – деп ашық жазатын. Бірақ жаратқан адамдықтан аттатпады әйтеуір. Шүкір, қазір мен нық сеніммен ешқандай белгісіз жаннан балам жоқ деп айта аламын», – деп Дастан Оразбеков ел арасында тарап кеткен қауесетке нүкте қойды. 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button