Қоғам

Ауыл халқы ақжолтай пойыздарды қалай қабылдады (фото)

Жоба басталғаннан бері 25 мыңнан аса тұрғын жоғары білікті мамандардың қабылдауында болды, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары ел өңірлерінің шалғай станцияларында ақысыз медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. Мұнда еліміздің кез келген азаматына тегін ем-шара алуға мүмкіндік жасалған. Жоба басталғаннан бері 25 мыңнан аса тұрғын жоғары білікті мамандардың қабылдауында болды.

Ақмола облысы, Елтай станциясы

Алматы облысы Бейсерке ауылының тұрғыны Мираш Бекбосынова биыл екінші рет пойыз мамандарына арнайы қаралуға келген:

«Саламатты Қазақстан» пойызына келіп, денсаулығымызды тексерттік. Мамандардың бәрі жақсы, ақыл-кеңестерін беріп жатыр. Пойыздағы 12 кабинеттің бәріне кіріп, анализ тапсырдым. Келесі жолы эндокринолог пен рентген аппаратын қоссаңыздар деймін. Халықтың қалауы – пойыз жылына бір рет емес, екі рет келсе тіпті жақсы болар еді».

Алматы облысы, Байсерке станциясы

Жылжымалы емхана дәрігерлері тұрғындарға алғашқы медициналық көмектен бастап, хирургиялық операция, дертіне сай емдік шараларды жүргізеді. Қажет болған жағдайда аудандық, облыстық ауруханаларға әрі қарай емделуге, стационарға жолдама береді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жетекшісі Аман Қасеновтың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма станциясының 1988 жылғы тұрғыны оң жақ көзінің ауыратынын айтып шағымданған. Дәрігер дер кезінде емдеп, антибиотиктер тағайындап, сондай-ақ күтіну жолдарын айтып, көзілдірік тағуға кеңес берді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының жетекшісі Аман Қасенов

Мамандар телемедициналық консультациялар өткізу үшін республиканың жетекші емханаларымен байланысқа шыға алады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда жедел шешімдер де қабылдайды. Тіс дәрігері Сұлтанбек Сәдиевке кейбір тұрғындар дерті тым асқынған кезде жүгінген: «Алматы облысы Қосқұдық станциясының тұрғыны тіс ауруына шағымданды. Науқасты қараған кезде 18-ші толық шірігені анықталды. Соның салдарынан ауыз қуысы мен мұрын қуысы қосылған. Анестезия жасап, жарамсыз тісті алып тастадық. Нәтижесінде жараны тігіп, ауыз бен мұрын қуысының қосылуын тоқтаттық. Одан бөлек антибиотиктер тағайындап, ауыз қуысын күту бойынша кеңес берілді», – деп еске алады ақ халатты абзал жан.

Тіс дәрігері Сұлтанбек Сәдиев

Павлодар облысы Маралды станциясында дәрігерлер ерекше жағдайға тап болған. Ауыл тұрғынында өте сирек кездесетін декстрокардия диагнозы бар екені анықталды. Бұл дегеніңіз, науқастың жүрегі оң жағында орналасқан. Мұндай жағдайда ем тағайындалмайды, бірақ өз ерекшелігін тұрғын медициналық пойыздағы тексеру кезінде алғаш рет естіген.

Медициналық пойыздардың қызметін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландыруда. Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының қатысумен жүзеге асырылады. Қор еліміздің барлық шалғай мекендеріндегі халыққа заманауи сапалы медициналық жабдықтарды пайдалана отырып, білікті медициналық көмек көрсетуді қолға алып отыр.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева: «Жоба басталғаннан бері қос пойыз мамандары 10 облыстың 80 станциясында болды. Осы аралықта медициналық пойыз мамандары 25 000 аса тұрғынды тегін тексерді. 1 000-нан аса шағын операция жасалды. «Жәрдем» пойызының мамандары 59 баланы сүндеттеді. Тұрғындар үшін аса қажетті мамандар: хирург, невропатолог, көз, құлақ пен мұрын дәрігері. Медициналық пойыз дәрігерлерінің миссиясы маңызды әрі жауапты. Мамандардың жұмысы отандастарымыздың денсаулығын нығайтуға және әл-ауқатын жақсартуға айтарлықтай үлес қосады»,  – деп атап өтті.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары

«Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының мамандары қарашаға дейін еліміздің түкпір-түкпірін аралайды. «Жәрдем» пойызы – 1 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Түркістан, 4 қазан мен 5 қараша аралығында Жамбыл облыстарында, ал, «Саламатты Қазақстан» пойызы – 11 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында Қостанай, 30 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Қарағанды мен Ұлытау облыстарында жұмыс істейді.

Екі медициналық пойыздың қозғалыс кестесі туралы толық ақпаратты жобаның www.medpoezd.kz  ресми сайтынан біле аласыздар.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.