Қоғам

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов референдумды қолдау үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бүгін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдау мақсатында бейнеконференция байланысы арқылы Республикалық партиялық штабтың кезекті отырысын өткізді.

Үгіт науқаны басталғаннан бері аманаттықтар 5 мыңнан астам іс-шара өткізді. Атап айтқанда, еңбек ұжымдарымен, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы және басқа да сала өкілдерімен кездесулер өтті. Оның ішінде өңірлердің тұрғындарымен бір мыңға жуық кездесуді Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшелері өткізді.

Жалпы, үгіт-насихат іс-шараларына 220 мыңнан астам адам қатысты.

«AMANAT» партиясының референдум өткізуді қолдау үгіт науқаны жалғасып жатыр. Қарқынды төмендетпеу керек. Өткізілетін кездесулердің санына ғана емес, бірінші кезекте сапасына да назар аударған жөн. Біз конституциялық өзгерістердің мәнін түсінікті, қарапайым тілмен жеткізуіміз қажет. Адамдарды учаскелерге келіп, өз дауысын беруге ынталандыруымыз керек», – деді партия Төрағасы.

Ерлан Қошанов атап өткендей, қазіргі уақытта 5 маусымда өтетін референдумда азаматтарды дауыс беруге шақыру үшін барлық ресурсты жұмылдыру өте маңызды.

Жиын соңында партия Төрағасы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.