Қоғам

Министр талғарлықтарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берді

Асқар Омаров

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Талғар ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ Алматы облысының ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті деп хабарлады newsroom.kz порталы.

Кездесу барысында Асқар Омаров министрліктің іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ өңірлік БАҚ-ты барынша тарта отырып, жергілікті мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы іске асыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, министр азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша, атап айтқанда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландыру; волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру; волонтерлердің фронт-офистерін құру, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық волонтерлік қызметті құру арқылы волонтерлік қозғалысты одан әрі дамыту, «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау бойынша егжей-тегжейлі сөз қозғады.

Осы орайда, «Бірінші жұмыс орны» және «Zhas Project» жобалары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары сияқты жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларға ерекше назар аударылды. Ал іс-сапар бағдарламасының маңызды бөлігі БАҚ өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдау болды.

Осы брифинг пен жеке қабылдау барысында министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.