Қоғам

Таксилетіп күнелтетін жарымжан жан: «Мына мүгедектің көлігі кір екен деп жиеркенбесін деймін»

3.9
(9)

25 жылдан бері такси қызметінде жүрген мүмкіндігі шектеулі Бақытбек Сейітбеков біздің қоғам жарымжан адамдарды жақтырмайтынын айтты.  Өздеріне «Мүгедек» деп таңба тағып, үнемі күмәнмен қарап, көпшілік бойын таса ұстауға тырысатын қоғамда өмір сүру оңай емес екендігін жеткізді.. Бұл туралы «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды NewsRoom.kz.порталы.

«Мүмкіндігімізді шектеулі деп таңба таққандарымен, бізде де өмір сүруге деген толық мүмкіндік бар! Жазмыштан озмыш жоқ! Тағдырдың сынағымен әскерден үйге қайтуыма 10 күн қалған кезде осылай жазатайым мүгедек болып қалғанмын. Өзіңіз ойлаңызшы жалындаған жастық шағым енді басталған кезі еді. Әрине есеңгіреп қалдым. Неліктен дәл мен деп ашуланатынмын. Ішімдікке беріліп, жаратқанның тура жолынан ауытқи бастаған кезде осындай күйге душар болдым.  Бірақ өмір жалғасады. Қабылдайсың да ілгері жүресің. Мүгедекпін деп жата беруге болмайды. Өйткені мен адаммын!»,-деді Бақытбек Сейітбеков.

Мүмкіндігі шектеулі жандар деп, оларды қоғам қабылдауға асықпайтыны аянышты. Көбіне сол жарымжан жандар елмен бірге толық қанды өмір сүруге құқылы екендіктерін, қолдарынан іс келетіндігін көпшілікке  дәлелдеуге асығып жүретіндей.

«Мүгедек болсам да, халыққа қызмет етіп жүрмін! Ешкімге қол жайып отырған жоқпын. Күнделікті такси қызметінде тапқан ақшам отбасымның ұсақ-түйек шығынын жабады. Және мен содан ләззат аламын. Өзімді отбасыма керек деп сезінемін.  Бұл мен үшін өте маңызды сезім. Үйдің коммуналдық шығынын жауып отырғаным да мен үшін жеңіс. Күнделікті 6-7 сағат таксиде жүріп шаршадым деп айта алмаймын. Жас кезімде бұдан көбірек уақыт жүретінмін. Күнделікті жұмыстан келгенде көлігімді жуып, сүртіп тазалап қоямын. Маған мінетін адамдар мына мүгедектің көлігі кір екен деп жиеркенбесін деймін. Арманым ел қатарлы қызымды ұзатсам, ешкімнен кем болмаса, адал тәрбие берсем деймін!»,-деді Бақытбек Сейітбеков.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button