Қоғам

Президент Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

0
(0)

Ақтоты Райымқұлова Димаш Құдайбергенге Президенттің құттықтау хатын табыстады, – деп хабарлайды  Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал əнші Димаш Құдайбергенді қабылдап, туған күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің.

Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын.
Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!», – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова туған күн иесін өз атынан құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Сіз бағындырған биік белестер мен толағай табыс ізіңізден ерген жастар үшін үлгілі сүрлеу. Алдағы уақытта да жүрек қылын шертетін туындыларыңыздың қатары көбейіп, өнерсүйер қауымды қуанта беруіңізге тілектеспін. Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дəулет тілеймін!», – деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button