Қоғам

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарын оқытуды бастады, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Қаржыландыру ережелерін бұзу және үгіт-насихат ережелерін бұзу сайлау науқандарының өте маңызды аспектісі болып саналады. Ол үшін әкімшілік және конституциялық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Егер кандидаттардың штабтары ережелерді бұзса, бұл кандидатураларды алып тастауға да әкеп соғады», – деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров семинар қатысушыларына.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын шығындар қалай қаржыланатынын түсіндірді.

«Сайлауды қаржыландыру – сайлауды дайындау мен өткізуді қаржылық қамтамасыз етуге, сайлау алдындағы үгіт-насихатты қаржыландыруға байланысты шаралардың жиынтығы. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге арналған шығындарды қаржыландыру ҚР Сайлау туралы конституциялық заңында жазылған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру нормалары көзделген.

Президент сайлауы осы мақсаттар үшін ашылатын жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Сайлау науқаны аясында кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат шығындары қаржыландырылады», – деді С. Мұстафина.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.