Қоғам

Жаман айтты: Саят Медеуов өнердегі әріптестеріне айтып тастады

Бір кездері шегіртке деп кемсіткенде, өре түрегеліп айғай салдық. Ал, менің өнердегі кейбір әріптессымақтарымның істеп жүргеніне қарасам, «енді шегіртке емей не болдық – деп ашына жазды қазақ эстрадасының танымал жұлдызы Саят Медеуов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.

Менің қатарымдағы жасы елуге таяп қалған кейбір бауырларымның қылығы қарынды аштырады. Ырбың-жырбың, түкке тұрғысыз әңгіме, аузынан ақ ит кіріп көк ит шыққан былапыт сөз.

Елуде ел ағасы болып бата беретін жасқа келдіңдер ғой. Бүгінгі құлқынның құлы үшін сайқымазақ болып жүргендеріңді ертең қартайғанда немере-шөбереңе қалай түсіндіресің? Қай бетіңмен оларға ақыл айтасың? Олар сайқызмазақ, аузының дуасы жоқ шалды тыңдай ма?

«Атан түйе құтырса жұт болады»- деуші еді ақсақалдар. Бүгін танымал болудың ең оңай жолын таңдағанмен, ертеңгі күнімізді неге ойламаймыз?

Құрметті президент мырза және депутаттар, ұрпақтың болашағын ойласақ, қазақы құндылықтары сақталған ұлт боламыз десек, бүгінгі бетімен кеткен әлеуметтік желіні ретке келтіру керек.

Возможно, это изображение текст «бокауыз, анайы сездермен фильм, вайн τycipin, энгіме, эн, анекдот айтып интернетке (инстаграм, ютуб, тик-ток т.6) жуктеп жургендердй токтататын зан шыгаруды талап етемi̇н!»

Аузына келгенді айтып интернетке жүктейтінді жүгендейтін заң шығаруыңызды талап етемін. Мен үшін тәрбиелі, санасы ояу, білімді ұрпақтың болашағы маңызды. Елдің ертеңін ойласақ барынша бөлісіп, жоғарыға жеткізейік. Қолдау күтемін. Жауапты адамдарды белгілей кетіңіздерші.

 

Өтініш иесі Саят Медеуов

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.1 / 5. Бағалар саны: 325

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

2 Comments

2 Comments

  1. Асқар Абайдуллин

    23.05.2022 at 22:14

    Дұрыс. Негізі Саят өте салмақты, салиқалы АЗАМАТ!

  2. Әлия

    24.05.2022 at 00:13

    Мен де қолдаймын.мектепте өзін өзі тану емес әлеуметтік желімен жұмыс, қаржылық сауаттылық пәндерін қосып ,ұлдарға ұлттық шеберханалар ұйымдастырып,отбасылық өмірге дайындық,отбасылық қарым қатынас сабақтарын енгізу керек.Тик ток басшыларына орасан акша жасап отырғандарын тусиндиру керек.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.