Қоғам

Тегін тамаққа таласқандардың видеосы тарады

Интернетте Наурыз мейрамынан кейін түрлі видеолар пайда бола бастады. Түсірілген жері және уақыты белгісіз тағы бір видеода тегін тамаққа таласты көруге болады деп жазады Newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған видеоны миллиондаған оқырманы бар блогерлер бөліскен.

Кадрдан киіз үйлер тігілген аймақта бір қазан палау пісірілгенін байқауға болады. Сол маңда жиылған жұрт ошаққа қарай ентелей жөнелген. Тамақ алып қалуға талпығандардың ішінде бала да, үлкендер де көп. Қазанды қаумалаған адамдар арасында егде жастағы әйел құлап та қалған.

«Пейіліміз тарылмасын», «Түк көрмегендей…», «Біздің халықты осындай қылық құртады», «Халық соншалық аш па?», «Ұйымдастырушылардан да қателік кеткен сияқты», «Неше жыл палау жемегендер?», «Аш қой халық», «Аштықтан қалған қазақтар ма?», «Әбден тегін нәрсеге бет бұрып алғанбыз», «Халық жайында жаман пікір жазуға болмайды» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.