Қоғам

Әкім баласына 25 мың га жер беріп жіберген: «Amanat» жерді қайтармақ

Бүгін Аманат партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Мақсаты – пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару.Кейін ауыл тұрғындарының арасында әділ үлестіру –  – деп жазды билік партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры Нұрмұхамед Байғара өзінің фейсбук парақшасында.

«Сондай-ақ қалаларда заңсыз берілген жерлерді де қайтару. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру біздің департаментке тапсырылған соң бүгінге дейін біраз фактіні есіттік, жағаңды ұстайсың. Батыста бір әкім баласына 25 мың гектар беріп жіберген. Жамбылда жер басқармасы, ЦОН-да істейтін кей азаматтар 7-12 жер учаскесінен алған. Біреу 4 мың гектар жер иеленген. Кей компаниялар ұсақ шет мемлекеттердің территориясынан көп жерге ие» – деп күйінген Н.Байғараның жазуынша, қалада біраз ЖК мектеп не балабақшаның орнына салынған. Не санитарлық аймақта тұр екен.

«Осылардың бәрін мемлекеттік меншікке қайтару қажет. Оңай емес. Сол үшін партия осы комиссияны құрды. Бас прокуратура, Ауыл шаруашылығы министрлігі, қоғамдағы белсенді азаматтармен бірге іске кіріседі. Латифундистер, басқалар кедергі жасап, талай қоңырау шалынайын деп тұр. Бірақ комиссия міндетін атқару керек. Себебі 150-ге жуық ауылда мал жаятын жер жоқ» – деген Нұрмұхамед Байғараның посты қызу талқыға түсті

 

Р.S. Сырттай қарап отырсаң, талай әкім қолындағы қызметін қара басы үшін қолданып, билік деген институттың абыройын кетірген ғой. Себебі жоғарыдағы заңсыздықты тұрғындар біледі, бірақ айтар жері жоқ не шешілеріне көзі жетпейді. Енді өзгерту керек…(с) Нұрмұхамед Байғара

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.