Қоғам

Салмағы 190 келі аналық қортпадан 35 келі уылдырық алынды

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады деп жазады newsroom.kz порталы.

Осы жылы балық өсіру маусымы басталғаннан бері «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК жасанды өсімін молайту мақсатында бекіре балық түрлерінің 55 данасын аулады.

Мәселен, 2022 жылғы 21 сәуірде бекіре тұқымдас балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіру мақсатында тірі кезінде осы жылдың 19 сәуірінде де Жайық өзенінде ауланған, салмағы 190 кг аналық қортпадан 35 кг уылдырық алынды.

Ұрықтанған уылдырықтар дернәсілдік кезеңге дейін инкубаторларға орналастырылады. Содан кейін олар бассейндерде жетіліп, өсіру тоғандарына ауыстырылады. Өсірілген жас бекіре тұқымдас қортпа шабақтары биылғы шілде-тамыз айларында табиғи ортаға жіберіледі.

Қазіргі уақытта аналық қортпаның жағдайы қанағаттанарлық. Үйсіндіру әрекетінің нәтижесіне қарай аналық балықты шабақтарды көбейту мақсатында тоғандарда өсіріледі. Ал жасанды жағдайда ұстау мүмкін болмаса, Каспий теңізіне жіберіледі.

Айта кетейік, ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Жалпы биыл табиғи мекендеу ортасына бағалы балық түрлерінің 93,1 млн.дана шабағын, оның ішінде 7,5 млн. дана бекіре шабақтарын шығару жоспарланған.

 

 

 

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.