Қоғам

2021 жылы Қазақстанға қандай мамандар қажет болды?

ТОП-3 бухгалтер, сатушы және клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер кірген.

Биылғы жылы hh.kz жұмыс беруші мен іздеуші арасындағы қажет мамандықтар санын қарай отырып, елімізге ең қажетті маман иелерін анықтаған.

Бұл туралы hh.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Жұмыс туралы порталдың хабарлауынша қазақстандықтар 350 мыңнан астам вакансия орналастырған. Бұл өткен жылға қарағанда 59 пайызға артық көрінеді.

Сату саласында ең көп адам іздеген екен. 85 мыңнан астам вакансия осы салаға келсе, бухгалтерия мен қаржы бойынша 35 мыңнан астам жұмыс орны шыққан. Әкімшілік қызметкерлер де елімізге аса қажет дейді аталмыш портал. Мәселен, бұл саланың өзіне 30 мыңнан астам жұмыскер қажет болған. Одан бөлек, ақпараттық технологиялар және жылжымайтын мүлік саласына да білікті мамандар көп керек екен.

Қорытындылай айтсақ, ең қажетті мамандықтардың топ үштігіне бухгалтер, сатушы және клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер кірген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.