Қоғам

Шоқанды шоқындырған ЛГБТ өкілдері жұрттың ашуын туғызды

2
(1)

Ғаламторда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың суретін қорлағандардың әрекеті қызу талқыланып жатыр. ЛГБТ өкілдері біртуар ағартушының кескінін Иса пайғамбардың денесіне жабыстырып, көгілдір болуға шақырған.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен «біртүрлі» суретке қатысты реніш білдіріп жатқандар көп, деп хабарлайды Экспресс К.

Жұрттың ашуын туғызған сурет Telеgram-да жарияланды. Онда қазақтың атақты тұлғасы Шоқан Уәлиханов Иса пайғамбардың келбетінде бейнеленген.

Даулы сурет туралы ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежанов informburo.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Уәлихановтың бұл фотосы осыдан 3 жыл бұрын Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің өзара жазысқан хаттары жария болған соң пайда болды. Фото еш жерде жарияланбаған. Бірақ біз жақында сурет авторларымен келісіп, оны мерекелік ашық хат ретінде басып шығардық. Ашық хаттарды тегін де тараттық, ақшаға да саудаладық. Түскен қаржы қоғам қажеттілігі үшін жұмсалды. Шоқанның фотосы ғаламторға жүктелгеннен кейін кеңінен таралып кетті», — дейді Әмір Шайкежанов.

Әмір Шайкежановтың айтуынша, Шоқан Уәлихановтың суретін жасаған авторлар қазір шетелде жүр екен.

Экспресс К тілшісі қоғамда шу туғызған фотоға қатысты «Феминита» ұйымының белсендісі Гүлзада Сержанға да хабарласқан болатын. Ол бұл фото туралы естімегенін айтып, қысқа қайырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button