Қоғам

О.Сүлейменов: «ты»- жалғауы қытайша Алматыны Алма-Ата деу керек»

4.3
(26)

Ел құлағы елу. Кешелі бері қазақnet ақпараттық алаңында да, желі жайлауында да қазақтың алпауыт ақыны Олжас Омарұлы Сүлейменовтың «Алматы атауын Алма-ата деген ТАРИХИ атауына оралту керек» деген жалғыз ауыз пікірі бір дүрбелең туындатты.

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек туса керек. Олжас Сүлейменов мырза өзінің дегенінің дерегіне ғылыми дәлел қоса бекітіп қойыпты. Әлемге танымал «сиверс» алмалары жер жүзіндегі алманың ең көне түре екен. Демек Алматы алманың атасы, тейісінше Алма-Ата деген атау өте орынды дейді қайраткер.

Ендігі кезек жалпақ жұрт, оның ішінде оңтүстіктің бас қаласының тұрғындары бұл пікірді естіп қос тарапқа бөлінді. Бірі, иә, әлбетте бұл дұрыс десе, басым бөлігі «Алма-Ата» атауына түбегейлі қарсылық танытуда.

Мысалға алатын болсақ ақын, Алаш сыйлығының лауреаты Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ бұл мәселеге тарқата отырып өз ойын «Жас Алаш» газетінде білдірген екен. Мұнда ол: «Біз, тыныш жатқан қазақ жұрты, бабамыз Қазыбекше айтсақ, «найзаға үкі тағып, бейбіт жатқан елміз». Орысқа да, қытайға да, басқаға да достықтан басқа айтарымыз жоқ. Бірақ, буынсыз жерге пышақ ұрған, мыңжылдық тарихты мансұқ еткен қисынсыз ұсыныстарды қабылдай алмаймыз!

Сөз соңында айтарым, құрметті Олжас Омарұлы, Алматының атауы қайтадан Алма-Ата болады деп ойласаңыз оңбай қателесесіз! Алматы – Алаштың ары! Арымызды енді қайтадан таптатпаймыз. Қазақтың рухы өліп қалды деп ойласаңыз да қателесесіз. Қазақтың өлген рухы Алматыда тіріліп отыратынын Сіз жақсы білесіз ғой деп ойлаймын!»,- дей келе ақынның табиғаты мен қала тарихи туралы тереңдеген.

newsroom.kz порталы өз кезегінде аталған пікірді сүйемел етіп, осы туралы қазіргі қоғамның маңдайалды тұлғаларынан, өнер майталмандарынан пікір сұрап, ой жинақтап көруге тырысты. Ендеше мархаббат!

Қазыбек ИСА: «Олжекең қандай қазақтардың “алма-атасын” айтуда?!»
Олжас Сүлейменов ағамыз тағы да баяғы әуеніне басып, қандай қазақтардың “Алма-Атасын” айтуда?
Қазақтар Алматыны бұл қала пайда болғалы бері атам заманнан, “Алмалы”, “Алматы”деп атап келе жатыр. Мысалы біздің бағзы бабаларымыздан бізге дейін, балаларымыз да “Алма-Ата” деп атаған емеспіз, “Алматы” деп әнге қосып, жыр арнап келеміз.
Егер Олжекең “Алма-Ата” деп, өзінің тілдестерінің тілінде айтып жүрсе, онда олай “қазақша Алма -Ата” болады, қазақтар бұрыннан осылай атайтын” деп ҚАЗАҚТАРДЫҢ сыртынан жала жабуға болмайды.
Олжекеңнің ойынша, “Алма-Ата” деген “Алманың атасы” деген сөз екен, сондықтан ел бұрыннан “Алма-Ата” деп атаған-мыс. “Алмалы”, “Алматы” деген атаулар да, “алмалы жер”, яғни, “Алманың отаны” деген сөз қазақша.
Ал “-ті”, “-ты” жұрнақтарын қиырдағы қытайдан іздемей-ақ, қазақша Шідерті, Мойынты, Сілеті, Тарақты секілді талай атаулардан тауып алуға болады.
Сондықтан “Алматыны” Алма-Ата” деу керек” деп армандау артық.
Ең дұрысы, Олжас ағамызға айтар інілік кеңесіміз, өзі сөйлемейтін тіл туралы сөйлемей-ақ қою керек қой.

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры
​«Біз Олжас Сүлейменовке үлкен құрметпен қараймыз. Ол кісінің жазған дүниесі жалпы руханият пен ғылым әлеміне әлі талай жылдар азық болары сөзсіз. Десе де «Алма-Ата» атауына жақтас болу қиын. Бұл тіпті тарихи да атау емес.
​Бұл туралы ақын Ханбибі апам да айтып еді былай деп айтып еді: «Қаланың ежелгі аты – Алмату. Бұл деректің рас-өтірігіне көз жеткізгісі келген адам Рашид ад-Диннің еңбектерін ақтарыстырса болады. Сондай-ақ, Бабыр да Шыңғыс хан шапқыншылығынан қираған Алмату қаласы туралы жазады. Оны аз десеңіздер Мұхаммед Хайдар Дулати, Шараф ад-Дин Йезди де өз шығармаларында қаланың атауын бірде-бір рет Алма-Ата демейді, Алмату дейді. Нақты жәдігер іздесеңіз Алматы музейінде тұрған сонау Шағатай заманында Алмату қаласында шығарылған темір теңгені барып тамашалаңыз!». Пікірдің осы тұсымен толық келісемін.

Бауыржан Қарағызұлы, ақын
«Алматы атауы жаныма жақын. «-Ты», «-ті» жұрнақтары арқылы жасалатын жер-су атаулары, қазақ даласында көп кездеседі. Мәселен, менің қайын жұртым – Ерейментау өңіріндегі Өлеңті, Кекеру, Ертіс-Баян өңіріндегі Шідерті деген атауларды қарасақ бұл жалғаулар бізге жат емес екенін түсінеміз.
Меніңше біз әлеуметтік желіде Павлодар, Петропавл деген атауларды өзгерту керектігі туралы талқыға кеңірек араласуымыз керек. Әйтпегенде түкке тұрмайтын дүние үшін ұлардай шулау жаман әдетке айналып бара жатыр.
Өз басым, Олжас Сүлейменовты қайраткер ақын ретінде өте қатты сыйлаймын және әлеуметтік желіде осы пікірге қатысты ол кісінің жеке басына тиген адамдарды мүлдем қолдамаймын. Бірақ, жоғарыда айтқандай, жаныма «Алматы» атауы жақын».

Иә, осы күнге дейін қолымыз жетіп хабарын ала алған өнер мен қоғам қайраткерлерінің жалпы пікір легі осындай. Ал сіз қалай ойлайсыз қадірменді оқырман?

 

Өз тілшімізден

Коллаж авторы: Ернар ИМАН

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 26

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Бір пікір

  1. Алматының соңғы ТЫ жалғауы қытайша жалғаумын 100% қатысы жоқ, Қытайлар Алматыны 阿拉马图 оқылғанда А-ла-ма-ту деп айтады олар өз тілдерімен, Олжас атамыз қателесті.

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button