Қоғам

Азық-түлік бағасын ауыздықтау шаралары

0
(0)

Жамбыл облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкендердің санын арттыру көзделіп отыр. Оларға тауарлар тұрақтандыру қорынан жеткізіліп, нарық бағасынан 30 пайызға төмен бағамен саудаланады. Бұл жуырда ғана Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы аясында іске асып отыр. Қазіргі таңда аймақта 29 осындай дүкен жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың саны 40-қа жетпек . «Сол арқылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұруға жол ашылады» дейді жергілікті биліктегілер. Сондай-ақ, бағаны ауыздықтау үшін жергілікті бюджеттен тұрақтандыру қорына 200 миллион теңге қосымша қаражат бөлінген. Қымбатшылықпен күрестің тағы бір тетігі  көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймаларының санын арттыру. Қазіргі кезде облыста 233 қойма бар. Өңірде өндірілетін мезгілдік ауылшаруашылығы өнімдерін сақтауға олар толықтай жетеді. Одан бөлек , бұл қоймалар өзге аймақтарға да көмек беруге дайын. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

ДУЛАТ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Кез-келген кәсіпкер келіп, біздің жеміс-көкөніс сақтау кәсіпкерлерімен келіссөздер жасап, өз өнімдерін сақтауға толық мүмкіншілік бар. Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау құны қарапайым қоймаларда бағасы 1,5-3 теңге килограммына бір айға, ал тоңазытқышпен жабдықталған қоймаларда 3-5 теңгенің арасында бір килограммға айына».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button