Қоғам

Саяси науқанға қатысу – әрбір қазақстандықтың ел алдындағы азаматтық парызы

Биыл ел тұрғындарын маңызы жоғары саяси науқан күтіп тұр. Өйткені Президентімізді сайлаймыз. Бұл тек Президентті ғана таңдау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сол себепті сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы.

Бұл сайлаудың басқа сайлаудан бір өзгешелігі – мұнда президент бір рет қана, жеті жылға сайланады. Сонымен бірге екінші қайтара сайлауға түсу мүмкіндігінің жоқтығында. Сайлау – өзгерістер мен реформалардың бастауы болмақ. Жаңа экономикалық реформалар – мемлекетті алға жетелейтін күш.

Мемлекет басшысы: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деді.

Бұдан түйгеніміз, жаңа Қазақстан, әділетті қоғам құру бастамасы үдей түспек. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауында Мәжіліс пен бүкіл деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын 2023 жылдың екінші жартысында өткізуді ұсынды. Осы арқылы депутаттардың жаңа құрамы жасақталатын болады.

«Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін артыратыны сөзсіз. Болашақта Үкіметтің құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыстарын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушы билікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретін шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», – деді Президент.

Демек, өзгеріс барлық билік құрылымдарында орын алады. Президент, Үкімет, мәжіліс, жергілік атқарушы билік саласында да жаңару, жаңғыру болмақ. Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы нақты іс жүзінде жүзеге асуда. Оның бастамасын биыл Референдумда көрдік. Халықтың ойынан шығар, көптің көкейіндегісін дәл ұғар оңтайлы шешімдер мен бастамалар әлі алда. Сондықтан сайлаудан күтер үміт көп. Бастысы, әрбіріміз сайлау учаскемізге барып, өз таңдауымызды бірге жасайық.

Нұралы ДӘУЛЕТИЯРОВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.