Қоғам

Қарақат хиджаб туралы не жазды?

Қоғамға өзінің белді бастамаларымен және қазақ қыздарына қатысты өзіндік құнды ойларымен танылып жүрген Астана қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қарақат Әбден хиджап мәселесіне қатысты да әлеуметтік желіде өз жазбасымен бөлісті, деп newsroom.kz жазады.

«Хиджабы шашын жаппағаны үшін өлімші етіп соққыға жығылып, көз жұмған 22 жастағы ирандық қыздың оқиғасы көзіме жас келтірді», – деген Қарақат Әбден: «Қазақ даласында әйелдерге деген құрмет, ерлерге қарағанда зор болды, әсіресе бұл XIX ғасырға дейін байқалып келді? Мұны қазақстандық ғалымдар да растап отыр. Олардың арасында ғылыми мақалаларында еліміздің тарихын стереотиптерсіз қарастыратын тарихшы әрі жазушы Радик Темірғалиев те бар», – дейді.

«Ол атақты түріктер – айбынды дала қағандарының аналары, әйелдері, әпкелері мен қыздары – ресми қабылдауларға ғана қатыспағанын жазады. Олар келіссөздерге араласып, ашық сөйлеп, ақсүйектерге өз пікірлерін білдірді. Олардың көпшілігі өз державаларының билеушілер болды», – деген Қ.Әбден: «өз елдеріндегі әйелдердің төмен құқығына төселген Шығыс пен Батыстан келген иммигранттар үшін мұндай әдет-ғұрыптар біртүрлі болып көрініп, варварлар ғой, олардан не аласың», – деп ойлаған деген өзіндік ерекше ойымен бөліседі.

Соғыс уақытында ер адамдар айтарлықтай аз болды, ал дала әйелдері қару-жарақты меңгеріп, түрлі шайқастарға да қатысты деген жазбасына қосымша орыс дипломаты Филипп Назаровтың «… Жены их, будучи также хорошими наездницами, сражаются вооруженные копьями и бердышами и едва ли не превосходят в лютости мужчин», – деген жазбасын келтірген қоғам белсендісінің әлеуметтік желідегі жазбасы қызу талқылануда.

Фото: Forbes.ru

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.