Қоғам

Соғыс көрген генерал: қаңтар қақтығысын басуға өзіміздің әскердің күші жетуі мүмкін еді

Қаңтар оқиғасы кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ОДКБ)  әскерінің Қазақстанға кіргені дұрыс қадам болды. «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант  Бақытжан Ертаев осындай пікірде.

Бұл туралы  ол «Сұрауы бар» YouTube арнасына сұхбат беріп, Президенттің сол кездегі шешімін әскери адам ретінде құп көргенін айтады.

«Көршінің үйі өртенгенде көршілер қарап тұрмайды. Бәрі жүгіріп жүріп бірге өшіреді. ОДКБ әскері бірінші рет мынадай жағдайға тап болды. Егер біздер дос халықтар болсақ, отты бірге өшіруіміз керек. Әрине, отты өзіміздің де өшіруге күшіміз жететін шығар. Бірақ оның тез өшкені бәрімізге тиімді», – дейді генерал.

Дегенмен, қазір қоғам арасында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерін бекер кіргіздік, осының кесірінен енді Қазақстан Ресейге қарыздар болып қалды» деген әңгіменің басталғаны  жасырын емес. Генерал қаңтар оқиғасы ҰҚШҰ әрекетін тексеруге де мүмкіндік бергенін айтады.

«Кейін көп әңгіме болды. Бұлар кетпейді, әдейі келді» деген. Ондай сөз әлі де жүріп жатыр. Әркімнің өз пікірі бар шығар. Бірақ меніңше келгендері (ОДКБ ред.) өте дұрыс болды. Бұл – біріншіден. Екінші – ұйым келісіміне сәйкес басқаларға практикалық тұрғыда жұмыс істей алатындығымызды көрсеттік», – дейді Бақытжан Ертаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев та Ресей арналарының біріне сұхбат беріп, Мәскеу Қазақстанды құтқарды деп жүргендердің әңгімесі шындыққа жанаспайтын ашық айтқан.

Бұл сұхбатың толық нұсқасын «Сұрауы бар» YouTube арнасынан көруге болады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.