Қоғам

Елімізде кедейлер саны артып барады

Кейінгі жылдары ауылдан қалаға көшіп келіп, үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген ағайынның саны артты. Бұл туралы Қанат Айтбаев Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom.kz сайты kznews.kz сайтына сілтеме жасап

«Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?»

Ұланғайыр даламызды көлікпен аралап келе жатып, қаңырап бос қалған ауылдарды көріп, көңіл құлазитын сәттер аз емес. Қалаға келген соң, лайықты жұмыс тауып, пәтер сатып алып, тірлігін дөңгелетіп алып кетуге екінің бірінің мүмкіндігі келе бермейді. Қала тұрғындарының санын шектен тыс ұлғайтып, тығыздаудың не қажеттілігі бар?

Біз жер көлемі шағын, халқы көп Жапония немесе Сингапур емеспіз ғой?

Бізге ауыл тірлігін көркейту керек.

Ауыл шаруашылығын дамытуға лайықталған біраз бағдарламалар бар. Бірақ өкініштісі, оның көпшілігі пайдасыз. Жұмыс жасамайды. Көзбояуға құрылған түрлері жетіп жатыр.

Босап қалған ауылдарды, оның ішінде солтүстік өңірлерді еңбек күшімен қамтамасыз ету үшін мемлекетіміз кезінде болған жоспарлы экономикаға жартылай негізделген жобаны жүзеге асыруы қажет деп ойлаймын.

Қазақ ежелден малдың қыр-сырын терең білген, ауылшаруашылығына өте бейім халық.

Қалада 90 отбасын пәтермен қамтамасыз ету үшін ең кемі

2 700 000 000 теңгенің үйін салу керек. (Оны сатып алуға бәрінің бірдей шамасы жете бермейді)

Ал бұл сомаға ауылдық жерде 450 отбасын үйлі етуге болады. Бұл орта есеппен 1700-1800 адам.

Мемлекет өз қаржысына осындай үйлерді салып, 51пайызы үкіметке, 49 пайызы ауыл тұрғындарына тиесілі етіп шаруашылықтар құрып, алдарына мал салып, техникамен қамтамасыз етіп жайылымдық, егістік жерлерін белгілеуі керек.

(Не өзі пайдаланбайтын, не өзгені жолатпайтын «латифундистерден» жер үкіметке қайтарылуы тиіс)

Қалада жұмыссыз жүрген азаматтар осындай шаруашылықтарға көшіп барып, бес жыл тапжылмай еңбек етсе, үйлері өздеріне тегін қалатын мүмкіндік алулары керек.

Типтік жобада замануи етіп салынған, мектеп, клуб, емханалары бар, айлықтары тұрақты шаруашылықтарға көшіп баруға ынта білдіретіндер көп болады деп ойлаймын.

30-40 мың осындай шаруашылық құруға бір облыстың бір-екі жылдық бюджеті жеткілікті болар.

Есесіне елімізді ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз етуге болады. Әлеуметтік біраз мәселелер шешіледі.

Халық тығыз қоныстанған өңірлерден, қалалардан еңбек күші тапшы аймақтарға азаматтардың көптеп көшіп баруына қозғау болады.

Шаруашылық ісін жандандыру үшін көптеген сабақтас салалар құрылып, еңбек орындары ашылады.

Ең бастысы солтүстік өңірлердің демографиялық ахуалын дұрыстауға болады.

Қанат АЙТБАЕВ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.