Қоғам

Атырау ауылдарына жұмысқа барған жас дәрігерлерге 5 млн теңгеден беріледі

Атырау облысының ауылдарына жұмысқа баратын жас дәрігерлерге 5 млн теңге, қызметтік баспана беріледі, деп newsroom.kz хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтың мәліметіне сүйенсек, медицина мекемелерінде 185 дәрігер жетіспейді.

«Осыған байланысты Атырау облысының әкімі Серік Шәркеновтің қолдауымен өңірге жұмыс істеуге келетін жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, қалада орналасқан медицина мекемелеріне жұмысқа орналасқан маманға 3 млн, ауданға барған дәрігерлерге 5 млн теңге қаражат, қызметтік баспана немесе Отбасы банкі арқылы несиелік тұрғын үй беріледі. Осыған байланысты Атырау облысындағы ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері Астана медицина университетінде интерн және резиденттермен кездесу өткізді», -деп хабарлады Қайсар Абдалиев.

Оның оның кездесуден 20-астам жас маман Атырау облысындағы медицина мекемелеріне жұмысқа келуге қызығушылық танытқан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 300-ге жуық медицина қызметкері жетіспейтінін хабарлаған едік.

«Жыл басында әкімдік Атырау облысында 280-нен астам медицина маманы, оның ішінде 183 дәрігер жетіспейтіні туралы мәлімет берді. Әсіресе, акушер-гинекологтарға аса қажеттілік бар. Сол себептен, өңірге кадрларды тарту мақсатында 2022-2023 оқу жылына резидентурада мамандар даярлауға 24 орын берілді. Оның ішінде екі акушер-гинеколог маманы даярланады», – деп мәлім етті Ажар Ғиният.

Министрдің пікірінше, онкологиялық диспансерде де кадр тапшылығы бар.

Мұнда цитопатоморфологтар, химиотерапевтер, медициналық физиктер, торокалды онкологтар мен онкоурологтар секілді арнайы мамандар жетіспейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.